Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еспаева: Кем дегенде екінші боламын деп үміттенгенмін

Опубликовано:

Президенттікке үміткер Дәния Еспаева экзитпол нәтижелеріне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Еспаева: Кем дегенде екінші боламын деп үміттенгенмін
Фото: NUR.KZ: Original

Дәния Еспаева exit-poll нәтижесі қандай болса да, сайлау нәтижелеріне көңілі толғанын, өзін жеңімпаз сезінетінін айтты.

"Біз стереотипті жойдық. Әйел адам алғаш рет саяси шыңға шығып, алдын ала қорытынды бойынша үшінші орын алып отыр. Мұның өзі жеңіс", - деп мәлімдеді ол.

Сондай-ақ Еспаева сайлау нәтижелерін әділ деп есептейді. Дегенмен ол бұдан жоғары орын аламын деп ойлаған екен.

"Шынымды айтсам, кем дегенде екінші орын аламын деп ойлағанмын", - деді ол.

Еске сала кетейік, экзитпол нәтижелері бойынша Тоқаев сайлаушылардың 70,13% дауысын жинады.

Екінші орынға 15,39% дауыс жинаған Әміржан Қосанов орналасты. Үшінші орынды "Ақ жол" партиясының үміткері Дәния Еспаева еншіледі. Ол 5,32% жинады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1798708-espaeva-kem-degende-ekinsi-bolamyn-dep-mittengenmin/

pixel