RU
Жаңбыр шелектеп құяды: Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?

Жаңбыр шелектеп құяды: Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?

Рассказать Вконтакте

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 10 маусым күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болып, жаңбыр жауады, шығыста нөсер шелектеп құяды, батыс пен оңтүстік батыста ғана ауа райы жауын-шашынсыз деп хабарлайды Қазгидромет.

Ауа райы

Көрнекі фото: minklub.lv

Синоптиктердің болжамынша, республиканың кей жерінде күн күркіреп, жел тұрады, дауыл соғып, бұршақ түсуі мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерде күн күркірейді, дауыл соғады, бұршақ түсуі мүмкін, желдің екпіні 15-20, ұйытқуы 25 м/с.

Қызылорда облысында да күн күркірейді, қатты жел соғып, 23 м/с жылдамдықпен ұйытқиды.

Жамбыл, Түркістан облыстарындадауыл соғып, бұршақ түсуі мүмкін, желдің екпіні 15-20 м/с.

Алматы, Қостанай облыстарында күн күркірейді, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с, Қостанай облысында тұман түседі.

Қарағанды, Павлодар облыстарында күн күркірейді, тұман түсіп, бұршақ жаууы мүмкін, желдің екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерде күн күркірейді, күндіз дауыл соғады, желдің екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысында кей жерде күн күркіреп, тұман түседі.

Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан облыстарында кей жерде төтенше өрт қаупі бар.

Ірі қалалардағы ауа райы

Нұр-Сұлтанда 10 маусымда түнде 10-12 градус нөлден жоғары, күндіз 21-23 градус ыстық, көшпелі бұлтты.

Алматыда жаңбыр жауады, түнде ауа температурасы 11-13 градус жылы болса, күндіз 21-23 градусқа дейін ысиды.

Шымкентте түнде плюс 13-15 градус болса, күндіз 25-27 градусқа дейін көтеріліп, көшпелі бұлтты болады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel