RU
Головкин Альваресті жекпе-жекке шақырды: "Канело" қалай жауап берді?
Жаңалықтар Қоғам

Головкин Альваресті жекпе-жекке шақырды: "Канело" қалай жауап берді?

Рассказать Вконтакте

Twitter желісіндегі DAZN парақшасы Геннадий Головкиннің жекпе-жекке "шақыртуын" мексикалық боксшы Сауль Альварестің қалай қабылдағанын жария етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

DAZN парақшасында скриншот жарияланды. Суретте "Канелоның" Головкинге жауап бергені көрсетілген.

Боксшы GGG сөздеріне күліп тұрған смайликпен пікір білдіріпті.

Еске сала кетсек, 9 маусым күні Геннадий Головкин Нью-Йорк қаласында өткен бокс кешінде Стив Роллсты төртінші раундта нокаутқа жіберіп, жеңіп кетті. Отандасымыздың канадалық боксшыны құлатқан сәтінің видеосы желіде тарады.

Одан бөлек, GGG-Роллс андеркардында тағы екі қазақстандық боксшы жұдырықтасты. Әли Ахмедов өз жекпе-жегін уақытынан бұрын аяқтаса, Бахтияр Эюбов қарсыласынан жеңіліп қалды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді жеңісімен Twitter папақшасында құттықтады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев отандық боксшыға арнайы құттықтау хабарламасын жіберген.

Сіздің реакцияңыз
3
1
0
0
0
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel