RU
Тоқаев Exit Poll нәтижесі жарияланғаннан кейін алғашқы мәлімдемесін жасады
Жаңалықтар Саясат және экономика

Тоқаев Exit Poll нәтижесі жарияланғаннан кейін алғашқы мәлімдемесін жасады

Рассказать Вконтакте

Қасым-Жомарт Тоқаев Exit Poll нәтижелері жарияланғаннан кейін алғашқы мәлімдемесін жасады деп хабарлайды президентікке үміткердің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: egemen.kz

Фото: egemen.kz

"Сайлауалды кампанияның өркениетті тұрғыда өткеніне қуаныштымын. Негізінде, бұл сайлауалды жобалардың өзара бәсекелестігі болды. Бұл дегеніміз, Қазақстандағы саяси мәдениет деңгейінің айтарлықтай өскенін айшықтайды. Алда бізде жұмыс көп" , - деді Тоқаев.

Ол республикалық қоғамдық штаб мүшелеріне, белсенділерге және партия жақтастарына электоралды кезеңде атқарылған жұмыс үшін алғысын білдірді.

Президенттікке үміткер өткізілген кампанияның ауқымдылығы мен технологиялық артықшылықтарына жоғары бағасын берді.

"Мемлекеттегідей, бүкіл әлемде жағдай өзгерді. Біз халықаралық турбулентті үрдістерге ықпал ету объектісі болдық. Қазақстан әлемдік қоғамдастық мүшесі болғандықтан, оның сыртында не болып жатқанын сезінеді. Біз Қазақстанның болашағы үшін жұмыс істеу үшін бірігуіміз керек" , - деді ол.

Өз жақтастарының алдында сөз сөйлеген Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемге танымал көпұлтты мемлекет құрғанын алға тартты.

"Біздің мақсат бұл жетістіктерді сақтап қалып, одан бетер дами түсу" , - деді Тоқаев.

Айта кетейік, Exit Poll нәтижесі бойынша Қазақстан президентінің сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жетті. Оны 70 пайыз қазақстандық қолдап шықты.

Сіздің реакцияңыз
52
2
0
0
4
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel