RU
Геннадий Головкин өз жеңісінен соң президент сайлауында дауыс берді
Жаңалықтар Қоғам

Геннадий Головкин өз жеңісінен соң президент сайлауында дауыс берді

Рассказать Вконтакте

Күні кеше ғана Нью-Йоркте жеңіске жеткен Геннадий Головкин президент сайлауында дауыс берді. Боксшы өзінің Instagram-дағы ресми парақшасында сайлау учаскесінде түскен суретін жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

GGG өзі өмір сүріп жатқан АҚШ мемлекетінде дауыс берді. Сайлау учаскелері Нью-Йоркта және Вашингтонда ашылған.

"Өзімнің азаматтық борышымды өтедім", - деп жазды Головкин.

Естеріңізге сала кетсек, 9 маусым күні Геннадий Головкин Нью-Йорк қаласында өткен бокс кешінде Стив Роллсты төртінші раундта нокаутқа жіберіп, жеңіп кетті. Отандасымыздың канадалық боксшыны құлатқан сәтінің видеосы желіде тарады.

Одан бөлек, GGG-Роллс андеркардында тағы екі қазақстандық боксшы жұдырықтасты. Әли Ахмедов өз жекпе-жегін уақытынан бұрын аяқтаса, Бахтияр Эюбов қарсыласынан жеңіліп қалды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді жеңісімен Twitter папақшасында құттықтады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та отандық боксшыға арнайы құттықтау хабарламасын жіберген.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel