Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы-Жетіген тас жолында ер адамды бір көлік қағып, екіншісі басып кетті

Опубликовано:

Өтеген батыр елді мекенінің маңында жантүршігер оқиға болды. Жаяу жүргіншіні бір көлік қағып, екіншісі басып кетіп, бірнеше метрге сүйреген деп хабарлайды Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алматы-Жетіген тас жолында ер адамды бір көлік қағып, екіншісі басып кетті
Фото: zakon.kz: UGC

Оқиға 9 маусым күні кешкі 21.30 шамасында болған.

Toyota Camry жүргізушісінің сөзінше, жарықтанбаған жол бойында біреудің сұлбасын байқаған. Ол тоқтауға тырысқан, алайда көлік айнасымен жаяу жүргіншіге тиіп кеткен.

Алматы-Жетіген тас жолында ер адамды бір көлік қағып, екіншісі басып кетті
Фото:zakon.kz: Depositphotos

Соққыдан ер адам жолға құлаған. Сол сәтте жаяу жүргіншіні Lexus IS көлігі басып, бірнеше метрге сүйреген.

Lexus жүргізушісінің сөзінше, ол соққыны да, жаяу жүргізушіні де байқамаған.

Ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Ол жұмыстан шығып, жарықтанбаған жол бөлігімен өтіп бара жатқаны анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1798720-almaty-zetigen-tas-zolynda-er-adamdy-bir-klik-kagyp-ekinsisi-basyp-ketti/

pixel