RU
Стив Роллс: Жекпе-жектен денім сау боп шыққаныма қуаныштымын
Жаңалықтар Қоғам

Стив Роллс: Жекпе-жектен денім сау боп шыққаныма қуаныштымын

Рассказать Вконтакте

Кеше, 9 маусымда Нью-Йорк қаласында өткен бокс кешінде Геннадий Головкин мен Стив Роллс қолғап түйістірді. Қазақстандық боксшы канадалықты 4 раунда нокаутқа жіберіп, мансабындағы 39-шы жеңісіне қол жеткізді. Жекпе-жектен кейін GGG-дің қарсыласы айқас туралы пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Канадалық боксшы өз ойын Instagram желісіндегі парақшасы арқылы білдірді.

"Өткен кеш мен ойлағандай болмады. Бірақ мен тәжірбие алғаныма ризамын. Сондай-ақ, келесі жолы шаршы алаңға шығу үшін, денім сау қалғанына қуаныштымын", - деді боксшы.

Стив Роллс қолдау көрсетіп, хабарлама жіберіп жатқан барша жанкүйерлеріне алғысын білдірді.

"Бұл - соңы емес. Мен мықты болып ораламын", - деді канадалық боксшы.

Еске сала кетсек, 9 маусым күні Геннадий Головкин Нью-Йорк қаласында өткен бокс кешінде Стив Роллсты төртінші раундта нокаутқа жіберіп, жеңіп кетті.

Канадалық боксшы мансабындағы алғашқы жеңілісіне тап болса, GGG 39-шы рет қарсыласынан басым түсті. Оның 35-інде Головкин нокаутпен жеңді.

Отандасымыздың канадалық боксшыны құлатқан сәтінің видеосы желіде тарады.

Одан бөлек, GGG-Роллс андеркардында тағы екі қазақстандық боксшы жұдырықтасты. Әли Ахмедов өз жекпе-жегін уақытынан бұрын аяқтаса, Бахтияр Эюбов қарсыласынан жеңіліп қалды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді жеңісімен Twitter парақшасында құттықтады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та отандық боксшыға арнайы құттықтау хабарламасын жіберген.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
1
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel