Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рамазанның соңғы күнінде Дубай ханзадасы немере қарындасына үйленді (фото)

Опубликовано:

Рамазанның соңғы күні, 6 маусымда Дубай әмірі, вице-президенті және премьер министрі Мұхаммад бин Рашид Әл-Мактумның Халықаралық сауда үйінде үш ұлының неке тойын өткізді деп хабарлайды 1news.az сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Неке қию салтанаты мамырдың ортасында өткен. Ал бұл жолы тек ер адамдардың қатысуымен салтанатты той өтті.

Әйел адамдар бөлек тойлаған, алайда қайда және қашан екені айтылмайды.

36 жастағы Дубайдың мұрагер ханзадасы шейх Хамдан нағашы немере қарындасы Шейху бинт Саид бен Тани Аль Мактумға үйленді.

35 жастағы інісі шейх Мактум тағдырын немере қарындасы Мариам бинт Бутти әл Мактуммен қосты.

Ал 32 жастағы Білім қорының төрағасы шейх Ахмед шөбере қарындасы Мадия бинт Далмук әл Мактумға үйленді.

Дубай басшысы Мұхаммед ибн Рашид әл Мактум Instagram парақшасына сурет жариялады.

"Халқым, елім, отбасым аман және бақытты болсын", - деп жазды ол суреттің астына.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1798758-ramazanny-sogy-kninde-dubaj-hanzadasy-nemere-karyndasyna-jlendi-foto/

pixel