Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Салыстыру: Назарбаев пен Тоқаевқа қалай дауыс берді?

Опубликовано:

9 маусымда өткен президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылардың 70,76 пайыз дауысын жинап, жеңіске жетті. KAZ.NUR.KZ бұрынғы президенттік кампанияларды зерттеп, Нұрсұлтан Назарбаев қанша дауыс жинағанын салыстырды.

Назарбаев пен Тоқаевқа қалай дауыс берді: салыстыру
Фото:NUR.KZ: Original

Ашық дереккөздердегі ақпарат бойынша, 1991 жылдың 1-ші желтоқсанында алғашқы Қазақстан президентінің сайлауы өтті. Бұл баламасыз сайлау болды, себебі бір ғана үміткер - Нұрсұлтан Назарбаев еді. Елбасы 88,2 сайлаушы қатысуымен 98,89 пайыз дауыс жинады.

1995 жылдың 29 сәуірінде сайлаудың орнына Назарбаевтың құзіреттілігін 2000 жылдың 1-ші желтоқсанына дейін ұзарту жөнінде референдум өткізді. Мұны 91,26% сайлаушының қатысуымен 95,46% қолдады.

1999 жылдың 10 қаңтарында Қазақстан президентінің екінші (кезектен тыс) сайлауы өтті. 87,05% азаматтың қатысуымен Назарбаев 79,78% дауыс жинады.

2005 жылдың 4 желтоқсанында үшінші (кезектен тыс) сайлау өткізілді. Бұл жолы да 77,1% сайлаушының қатысуымен Назарбаев 91,15% дауыс жинады.

2011 жылдың 3 сәуірінде төртінші (кезектен тыс) президент сайлауы өтті. Бұл сайлауда да Назарбаев жалпы 89,98% сайлаушылардың қатысуымен 95,55% дауыс жинады.

2015 жылдың 26 сәуірінде бесінші (кезектен тыс) мемлекет басшысының сайлауы өтті. Назарбаев бұл додада да 97,75% дауыс жинады. Сайлауға азаматтардың 95,21% атсалысты.

2019 жылдың 19 наурызында Назарбаев президенттік құзыретінің аяқталуына бір жыл қалғанда отставкаға кетті.

Орталық сайлау комиссиясының алдын ала ақпараты бойынша, 9 маусым күні алтыншы (кезектен тыс) сайлауда 77,4% сайлаушылардың қатысуымен 70,76% дауыс жинап, Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1798774-salystyru-nazarbaev-pen-tokaevka-kalaj-dauys-berdi/

pixel