Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаевты ұлықтау рәсімі қашан өтеді?

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев алдын ала мәліметке сәйкес, 70,76% дауыс жинап президенттік сайлауда жеңіске жетті. Жаңа сайланған президенттің ұлықтау рәсімі алдағы бір айдың ішінде болып өтпек деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: toqaev2019.kz
Фото: toqaev2019.kz: Instagram

1995 жылдың 26 желтоқсанындағы "Қазақстан Республикасының Президентіне қатысты" Конституциялық заңға сәйкес, Қазақстан президенті халыққа ант берген соң ғана қызметіне кіріседі.

Онда: "Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, Қазақстан Республикасы Президентінің өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін" , - деп жазылған.

Президент мемлекеттік тілде ант береді.

Кезектен тыс сайлау жағдайында ант сайлау нәтижесі жарияланған күннен бастап, бір ай ішінде берілмек.

Ант беру рәсімінің қашан өтетінін Орталық сайлау комиссиясы шешеді.

Президентің ант беру рәсімі салтанатты жағдайда парламент депутаттарының, конституциялық кеңес мүшелерінің, жоғарғы сот судьяларының, сондай-ақ республиканың барлық бұрынғы президенттерінің қатысуымен өткізіледі.

Президент мемлекет конституцияна ант еткен соң, Қазақстан әнұраны шырқалады.

ОСК төрағасы президентке Қазақстан Республикасы президентiнiң куәлiгiн, омырауға тағатын белгiсiн, байрағын және "Алтын қыран" орденiн тапсырады.

Егер бiр тұлға Республика президентi болып екiншi өкiлеттiк мерзiмiне сайланған жағдайда Қазақстан Республикасы президентiнiң омырауға тағатын белгiсi, байрағы және "Алтын Қыран" орденi оған қайталап тапсырылмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1798796-tokaevty-lyktau-rsimi-kasan-tedi/

pixel