Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ОСК жойылатын сия мен бюллетеньдерге қатысты видеоға пікір білдірді

Опубликовано:

ОСК жойылатын сия мен жәшікке тасталған бір бума бюллетеньдер бейнеленген видеонының жалған екенін мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Зәуреш Баймолдина. Фото: 24.kz
Зәуреш Баймолдина. Фото: 24.kz: UGC

ОСК мүшесі Зәуреш Баймолдинаның сөзінше, ОСК немесе аумақтық сайлау комиссияларына дауыстарды санауға қатысты бірде-бір заң бұзушылық туралы хабарланбаған. Ол бұзушылықтар бейнеленген видеоның бәрін жалған деп түсіндірді.

Заң бұзушылықтарды есепке ала отырып сайлау заңды болды ма деген сұраққа келсек, ол "бұл заң бұзушылықтарды теңіздегі тамшы" деп атап өтті.

Бұған дейін, азаматтық "Аманат" платформасы бақылаушыларының сайлау учаскесінде көптеген заң бұзушылықтарды байқағаны хабарланған еді.

Сондай-ақ, БАҚ қызметкері Алматыдағы сайлау учаскесінде бір әйел адамның дауыс беруге арналған кабинкаға қалай келгенін және әлдеқандай нұсқау бергенін айтқан еді.

Алайда байқаушылар бұл ақпаратты растамады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1798817-osk-zojylatyn-sia-men-bulletenderge-katysty-videoga-pikir-bildirdi/

pixel