Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі Месут Озилдің тойында Ердоған куәгер болды (фото, видео)

Опубликовано:

Танымал түрік футболшысы Месут Озил отбасын құрды. "Арсенал" ойыншысының таңдауы Амине Гюльше есімді актрисаға түскен. 2014 жылы "Түркия аруы" атанған бойжеткен мен кәсіби аяқдопшы үйлену тойын Босфор бұғазының жағалауында орналасқан зәулім қонақ үйде дүркіретіп өткізген деп жазады hellomagazine.com сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Той қонақтарының арасында Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған да болған. Ол некелесу рәсіміне күйеу жігіттің куәгері ретінде қатысқан. Түркия көшбасшысы аталмыш тойға әйелі Эмине Ердоғанмен бірге келген.

Фото: hellomagazine.com
Фото: hellomagazine.com: UGC

Айта кетейік, Месут Озил Ердоғанға тойында куәгер болуды наурыз айында ұсынған.

Мемлекет басшысы өз кезегінде футболшының бетін қайтармай, оның ұсынысына келіскен.

Некелесу рәсімінен кейін, президент жас жұбайларды құттықтап, оларға деген ақ тілегін арнады.

Месут пен Амине той қонақтарынан сыйлық алудан бас тартқан. Оның орнына жас жұбайлар жақындарын Big Shoе қорына қайырымдылық жасауды сұраған.

Аталмыш қор әлемнің оншақты мемлекетіндегі балалардың отасына қаржылық көмек көресетумен айналысады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1798819-jgili-mesut-ozildi-tojynda-erdogan-kuger-boldy-foto-video/

pixel