RU
Дубай ханзадасының тойында Мирзиеевтің 10 жастағы ұлы да бой көрсетті (фото)
Жаңалықтар Калейдоскоп

Дубай ханзадасының тойында Мирзиеевтің 10 жастағы ұлы да бой көрсетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Дубай премьер-министрі Шейх Мұхаммад бин Рашид әл-Мактумның үш ұлының үйлену тойында көршілес Өзбекстанның президенті Шавкат Мирзиеевтің он жастағы баласы Әлішер Мирзиеев те болған. Бұл туралы Настоящее время-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Мерекелік іс-шара 6 маусым күні болған.

Шавкат Мирзиёевтің он жастағы ұлы Әлішерден бөлек, оның екі күйеу баласы Ойбек Турсынов, Отабек Умаров пен немересі Мироманның тойға қатысқан сәті Instagram желісінде жарияланды.

Суреттен Дубай әміршісінің Өзбекстан басшысының баласы Әлішерді иығынан қолымен ұстап тұрғанын байқауға болады.

Шетелдік БАҚ Мирзиёевтің ұлы мен күйеу балалары Дубай ханзадасының тойына қандай мақсатпен барғаны белгісіз екендігін жазды.

Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі бұл туралы ешқандай ақпарат таратпаған.

Еске сала кетсек, 6 маусымда Дубай әмірі, вице-президенті және премьер министрі Мұхаммад бин Рашид Әл-Мактумның үш ұлы үйленді. Той дүниежүзілік сауда орталығында өтті.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel