RU
Өлім аузында жатқан "Зениттің" танымал ойыншысы қоштасу кешін ұйымдастырмақ
Жаңалықтар Спорт

Өлім аузында жатқан танымал "Зениттің" ойыншысы қоштасу кешін ұйымдастырмақ

Рассказать Вконтакте

Емдеуге келмейтін сал ауруына шалдыққан "Зениттің" бұрынғы ойыншысы Фернандо Риксен қоштасу кешін ұйымдастырып жатқанын хабарлады деп жазады lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Шақырту билеті голландық спортшының Twitter аккаунтында жарияланды.

Кездесу 28 маусым күні, Шотландиядағы Глазго қонақ үйінде өтпек.

Өзінің видео хабарламасында 42 жастағы Риксен бүйір амиотрофиялық склерозы мен бұлшықеттердің атрофиясына алып келетін орталық жүйке жүйесінің емделмейтін дегенеративті ауруынан шаршағанын айтты.

Спортшы сөйлеу мүмкіндігінен айырылғандықтан, кеш туралы хабарды арнайы құрылғының көмегімен хабарлаған.

Қазіргі уақытта футболшының денесі толықтай жансызданған. Өзінің ауруы туралы спортшы 2013 жылы білген. Ол Шотландияда эвтаназияны (өмірді тоқтату) заңды түрде жасай алады.

Риксен "Глазго Рейнджерс" және Петербургтік "Зенит" атынан шыққан. Ресейлік клуб құрамында ол мемлекет чемпионы атанып, УЕФА Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
7
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel