RU
Алматыда арнайы жасақ әскерлері жағдайы нашарлаған әйел адамды құтқарып қалды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда арнайы жасақ әскерлері жағдайы нашарлаған әйел адамды құтқарып қалды (видео)

Рассказать Вконтакте

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қызмет атқаратын Алматы қалалық Полиция департаменті Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері Төле би даңғылы мен Панфилов көшесінің қиылысында жағдайы нашарлаған келіншекке алғашқы медициналық көмек көрсетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан скриншот

Фото: Видеодан скриншот

Полиция баспасөз қызметінің хабарлауынша, Төле би-Панфилов қиылысында 50-55 жастағы келіншектің жағдайы нашарлаған.

Осы уақытта жауынгерлер оның астына күртеше төсеп, бетіне су шашқан. Олар жедел жәрдем қызметі келгенше, әйелдің жүрек соғысын бақылап отырған.

Сол сәтте жолда өткен адамдардың бірі өз көмегін ұсынып, келіншекке жүректегі жетіспеушілікке қарсы дәрі ұсынған.

Жедел жәрдем қызметкерлері жеткен уақытта өз-өзіне келіп үлгерген әйел олардың көмегін қажет емес екенін айтып, ары қарай тексерілуден бас тартқан.

Осылайша, ол өздігінше үйіне қайтып кетті.

Сіздің реакцияңыз
8
1
0
1
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel