Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресей елшісі Тоқаевқа Путиннің құттықтауын жеткізді

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады деп хабарлайды Ақорда.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: UGC

Алексей Бородавкин Қасым-Жомарт Тоқаевқа кездесуге мүмкіндік бергені үшін ризашылық білдіріп, президент сайлауындағы жеңісіне байланысты Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің құттықтауын жеткізді.

"Мен сізді дауыс берушілер белсенді қатысқан сайлаудағы айқын жеңісіңізбен құттықтаймын. Бұл – таза жеңіс әрі халықтың сізді Қазақстан президенті ретінде таңдауының айқын дәлелі", – деді Ресей елшісі.

Сонымен қатар, Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарын одан әрі тереңдету және екі елдің халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастығына қатысты мәселелер талқыланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1798842-resej-elsisi-tokaevka-putinni-kttyktauyn-zetkizdi/

pixel