RU

Тоқаев: Сайлаудың ашық түрде өтуі үшін барлық шаралар қолданылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы аяқталып, қорытындылары белгілі болғаннан кейін баспасөз конференциясын өткізу үшін БАҚ өкілдерімен кездесті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original
"Құрметті журналистер - біздің мақсатымыз - даму мен әділетті мемлекет. Сайлау әділ, ашық түрде өтті. Сайлауға 7 үміткер қатысты. Оларға тең жағдай жасалды, менің тарапымнан осы сайлаудың ашық, әділ және адал өтуі үшін барлық шаралар қолданылды.
Сайлауға қатысқан және маған дауыс берген барлық қазақстандықтарға алғыс айтқым келеді", - деді Тоқаев журналистерге.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1798890-tokaev-sajlaudy-asyk-trde-tui-sin-barlyk-saralar-koldanyldy.html