RU
Тоқаев: Жемқорлықпен қазір күреспесек, кейін кеш болады

Тоқаев: Жемқорлықпен қазір күреспесек, кейін кеш болады

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі жемқорлық мәселесімен қалай күресетінін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Журналистер президентке Қазақстанда жемқорлықпен қалай күресуге болады деген сауал жолдады.

"Жемқорлық – жаман індет, онымен қоғам, ұлт болып күресуіміз керек. Қазір күреспесек, кейін кеш болады. Тарихтан да ірі мемлекеттердің жемқорлық үшін қалай құлдырағанын білесіздер.

Біз жемқорлық жайлы қашан да ашық айтамыз, ол біздегі үлкен проблема және ол біздің қауіпсіздігімізге қауіп төнідереді. Бізде мамыр айында үлкен жиналыс болды, біз енді нақты шараларды қолға алып, халықпен жұмыс істейміз деген ойдамыз", - дейді мемлекет басшысы.

Сонымен бірге Тоқаев өзінің алдағы жоспарларымен бөлісті.

"Мен 14 маусым күні ШЫҰ саммитіне қатысу үшін, Қырғызстанға баруды жоспарлап отырмын. Сосын АЫКШ саммитіне Тәжікстан, Душанбеге барамын. Ол менің бағдарламаларымдағы ауқымды іс-шаралар. Ал жалпы пен РФ, ҚХР мен Орталық Азия елдері – біздің көршілерімізбен ара-қатынасымызды дамытуға көп көңіл бөлетін боламын", - деді президент.
Сіздің реакцияңыз
5
2
0
0
0
11
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel