Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев митинг туралы: Құдайға шүкір, қақтығысуға дейін жеткен жоқ

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы кезінде Нұр-сұлтан мен Алматы көшелерінде өткен наразылық акцияларына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: news.myseldon.com
Фото: news.myseldon.com: UGC

Тілшілер Ақордада өткен брифинг барысында мемлекет басшысына тұрғындарға қазір көшеде жүру қауіпсіз бе деген сұрақ қойды.

"Қазір көшелерде тұрған полицейлер осы мәселені шешумен айналысып жатыр. Бізге мұндай іс-әрекеттерге қатысқысы келмейтін тұрғындар тарапынан - "сіз, билік, бізді бұзақылықтан және дүрліккен топтардан қорғау үшін бірдеңе жасаңыз" деген секілді түрлі өтніштер келіп түседі.
Сіз полицияның ұстамдылық танытатынын байқаған шығарсыз. Құдайға шүкір, қақтығысқа дейін жеткен жоқ. Себебі соған итермелейді (авт. - наразылық білдірушілер)", - деп мәлімдеді Тоқаев.

Ол оған қоса мемлекетте қауіпсіздік қамтамасыз етілгенін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, ІІМ басшысының орынбасары 9 маусым күні Астана мен Алматыда жүздеген адам ұсталғаны туралы хабарлады.

Сондай-ақ ол заңсыз митингілер кезінде жарақат алған үш полиция қызметкері туралы айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1798917-tokaev-miting-turaly-kdajga-skir-kaktygysuga-dejin-zetken-zok/

pixel