RU
Түркістан облысында сырқат анасының соңынан атпен кеткен қызды әкесі шарқ ұрып іздеді

Түркістан облысында сырқат анасының соңынан атпен кеткен қызды әкесі шарқ ұрып іздеді

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысы Бәйдібек ауданында психикалық ауытқуы бар анасын іздеп шыққан жасөспірім қыз бала жоғалып кеткен. Әкесі шарқ ұрып іздеп Бәйдібек аудандық полиция бөліміне хабарласып арызданған деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

ввввв

Көрнекі фото: SN.kz

Азамат өз арызында түскі 11:00 шамасында мал жайылымдық жердегі үйінен психикалық аурумен ауыратын жұбайы белгісіз бағытқа шығып кеткенін, оны артынан кәмелет жасына толмаған қызы атқа мініп, іздеп кетіп, қайта оралмағанын көрсеткен.

Жұбайы, яғни жасөспірім қыздың анасы сол күні кешкісін үйіне қайтып келіпті.

Ал анасын іздеп табу үшін атқа мінген 14 жастағы жасөспірім қыз оралмаған. Қызын өз бетінше іздеп таба алмаған әкесі тәртіп сақшыларынан көмек сұраған.

"Оқиға адам өміріне, оның үстіне кәмелет жасына толмаған қызға қатысты болғандықтан тәртіп сақшылары тез арада іске кірісті. Куәгерлерден жауап алып, ол барады-ау деген жерлер тексерілді.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, сондай-ақ «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық  іс шарасы аясында жоғалған қыз Арыс ауданына қарасты ауылдан аман-есен табылып, ата-анасына қайтарылды,"- деп хабарлайды Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бәйдібек ауданындағы үйінен із түзсіз жоғалып кеткен қыз баланы іздеп табуға көршісі де екі күн бойында көмектескен.

"Аталған іздеу іс-шарасына ерікті түрде атсалысып, полицейлерге 2 күн көмектесіп, өзінің азаматтық борышын адал атқарған көршісі Нуртаев Жандосқа аудандық полиция бөлімінің бастығының атынан «Алғыс хат» табысталды. 

Тек  өзін ойлайтын қоғам қалыптасқан мына заманда, өзгенің өмірі үшін алаңдап, полиция қызметкерлерімен қатар қызмет еткен, іздеу-шараларына белсенділік танытқан осындай азаматтарымыз барына қуанасың.

Және бойында қырағылық пен ерлік басым Жандос Нұртаевқа бізде алғыс білдіргіміз келеді", - дейді облыс полицейлері.
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
3
13
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel