Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ешкімге реніш жоқ": Ринат Зайытов Алматыда ұсталып, қайта босатылды (видео)

Опубликовано:

Танымал айтыскер Ринат Зайытов 10 маусым күні, кешке ұсталып, көп ұзамай босатылды. Оқиға орнында түскен видео желіде пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC

Кадрларға қарағанда оқиға "Алматы Арена" кешені маңайында болған. Бейнежазбада айтыскер жанында тұрған адамдармен сөйлесіп, өзінің партия құратынын хабарлады.

Ол күндіз-түні заңнаманы жаттауға уәде берді.

Сөйлеп жатқан сәтінде арнайы киім киген жасақ келіп, жиналған қауыммен бірге Ринат Зайытовты ұстап әкетті.

Оқиғадан кейін бірнеше уақыт өткен соң, тағы бір бейнежазба пайда болды. Айтыскер әрі композитор оңтүстік астананың тұрғындарына хабарлама жіберген.

Ол көпшілікті үйлеріне тарауға шақырып, өзінің босатылғанын, енді үйге қайтуға қамданып жатқанын айтты.

"Алаңдайтындай ештеңе болып жатқан жоқ. Сондықтан, баршаларыңызды үйлеріңізге тарқауға өтінемін. Мен ешбір қазақтың бір тамшы қанын мойныма алғым келмейді. Ешкімге реніш жоқ, өкпе жоқ", - деді Зайытов.

Кейінірек тағы да бір ролик пайда болған еді. Онда ақынның үйге келіп, тағы да баршаға үйлеріне тарауын сұрайды.

10 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы мен Нұр-Сұлтандағы санкцияланбаған акцияларға түсініктеме бере отырып, мұндай әрекеттерді полиция заңсыз деп бағалауы мүмкін деп хабарлады.

Мемлекет басшысының сөзінше, құқық қорғау органдары ел азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1798952-eskimge-renis-zok-rinat-zaitov-almatyda-staldy-video/

pixel