Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тілді насихаттаймыз": Орыс баласы Ресейде қазақ радиосын ашты

Опубликовано:

Ресейде тоғызыншы сынып оқушысы қазақ тілінде ақпарат тарататын радио ашты. Енді Омбы қаласының тұрғындары таза қазақ тілді хабарламаларды онлайн режимде тыңдай алады деп хабарлайды Астана арнасы.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC

Аталған игі бастамаға мектеп оқушысы Илья Гальцов мұрындық болған.

Ресейлік жасөспірімнің сөзінше, ол жазғы демалыста, Қазақстандағы ата-әжесінің үйінде жүрген кезде, қазақ тіліне деген қызығушылығы арта бастаған.

"Радио арқылы біз қазақ халқының тілін, мәдениетін, әдет-ғұрпын насихаттаймыз. Қазір грант байқауына қатысып жатырмыз. Кейін бүкіл Ресейге жарияланатын әуе толқынды алғымыз келеді. Нәтижесінде Ресейдің кез келген жерінде жүрген қазақтар ана тілін жаттап, тарихи отаны жайында бүкіл жаңалықтардан хабардар болады", - дейді радио директоры Илья Гальцов.

Қазіргі таңда онлайн режимде жұмыс істеп тұрған радио қазақ тіліндегі жаңалықтар мен әндер жариялайды.

Жуырда Илья Гальцов радиоға қазақ тілі курстарының аудио нұсқасын енгізуді жоспарлап отыр. Оның сөзінше, әзірге радионы күніне 300-ге жуық адам тыңдайды екен.

Жасөспірім тыңдармандардың аясын кеңейту үшін жеке әуе толқынына ие болып, оны бүкіл Ресейге таратуды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, бүгінде тек Омбы облысының өзінде 80 мыңнан астам этникалық қазақ тұрады.  

А. Құрманкин

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1798957-tildi-nasihattajmyz-orys-balasy-resejde-kazak-radiosyn-asty/

pixel