Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Айғайлаған топ, полиция дабылы": Алматыда 10 маусым күні кешке не болды (видео)

Опубликовано:

10 маусым күні кешке оңтүстік астананың тұрғындары көліктің дыбысының қосылуы, полицей дабылының үні мен адамдардың айғайының куәсі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ оқырмандары хабарлады.

"Айғайлаған топ, полиция дабылы": Алматыда 10 маусым күні кешке не болды (видео)
Фото: Куәгер жіберген видеодан скриншот: UGC

Дүйсенбі күні кешкі Төле би көшесінің тұрғындары мен осы көшемен өтіп бара жатқан адамдар белгісіз шудың куәсі болды.

"Төле би бойымен бір топ адам айғайлап, ысқырып келе жатыр. Көліктердің дыбыс беру тетігін басып жатыр. Адамдар терезеден "Не болды?" деп қарауда. Тіпті қорқынышты екен", - деп жазды түн ортасында куәгерлердің бірі.

Tengrinews.kz мәліметінше, сол сәтте "Сайран" автовокзалының маңында тұтқындаулар орын алған. Алдын ала ақпарат бойынша, митингке шыққандарда суық қару бар деген ақпарат түскеннен кейін тәртіп сақшылары көшедегі адамдарды тінти бастаған.

Сондай-ақ түсірілім кезінде басылымның қызметкері зардап шеккен.

"Полиция қызметкерлері Tengrinews.kz журналистінің видео түсіруіне кедергі келтіріп, телефонын тартып алмақ болған. Нәтижесінде Шоқан Алхабаевқа бірнеше соққы жасаған", - делінген портал материалында.

Әзірге полиция жағдайға қатысты түсініктеме берген жоқ.

Еске сала кетейік, бір күн бұрын Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордадағы брифингте митингке шыққандарды сөйлесуге шақырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1798962-ajgajlagan-top-policia-dabyly-almatyda-10-mausym-kni-keske-ne-boldy-video/

pixel