Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоғыз айлық қызын арқасына байлап, аңға шығатын ана туралы не білеміз?

Опубликовано:

Американың Огайо штатының 30 жастағы тұрғыны Ребекка Стивенс садақ атып қана қоймай, тоғыз айлық қызы Изабелланы да жабайы аңдарды өлтіруге үйретіп жүр екен. Сәбиін арқасына байлап, аңшылыққа шығатын Ребекка өзінің сүйікті ісіне қызын да баулығысы келеді деп хабарлайды bigpicture.ru сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Ребекка тоғыз айлық қызын арнайы костюмге киіндіріп, өзімен бірге аң аулауға алып барады.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Ол сегіз жасында алғаш рет әкесімен бірге аң аулауға шыққан. Сол кезден бастап бұл іске ғашық болып қалған.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Ең алғаш рет Ребекка 1999 жылы небәрі 10 жасында өз бетімен аң аулауға шығып көрді. Жылдар бойғы аңшылық кезінде ол бұғы, күркетауық, қояндарды атып алып отырған. Ал оның ең үлкен олжасы - салмағы 90 келіден асқан ақ бұғы болған.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Әйел адам атып алған олжасынан түрлі тағамдар дайындап, үйін безендіреді. Ол өзі өлтірген жануарлардың бәрін барынша пайдалануға тырысады.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

2018 жылы қызы Изабелланың дүниеге келуі келіншектің қызығушылығына кедергі бола алмаған. Ол сәбиді дүниеге келе салысымен өзімен бірге алып жүруге тырысқан.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Көпшілік Ребекканың қызығушылығы бала үшін қауіпті екенін алға тартады. Алайда келіншек ондай сөздерге назар аудармайды екен.

Ол өзін бала күнінен аңшылыққа ертіп жүрген әкесіне дән риза. Ребекка бүгінде туған бауырларына қарағанда аңды әлдеқайда жақсырақ аулайды.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1798964-togyz-ajlyk-sbiin-arkasyna-bajlap-aga-sygatyn-ana-turaly-ne-bilemiz/

pixel