Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бойжеткен ұстанған діні үшін мектеп бітіру кешінен шеттетілді

Опубликовано:

Украинаның Черниговск облысында тоғызыншы сынып оқушысы бітіру кешіне қатысуға рұқсат етілмеді. Бұған себеп жасөспірімнің канониялық украин православ шіркеуіне қатыстығының болуы деп хабарлайды сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: fotoknigin.ru
Көрнекі фото: fotoknigin.ru: UGC

Мәскеу Патриархатының уркаиналық православ шіркеуі ағарту бөлімінің сайтында хабарланғандай, түлекке сыныптастарының ата-аналары шүйліккен.

Оқушының анасы білім бөліміне барып, қызына мектепте қысым көрсетілгенін айтып, шағымданған. Алайда ол жерде әйел адамға "қызы екеуінің раскольников шіркеуіне баруы тиіс" екенін мәлімдепті деп хабаралйды 360 телеарнасы.

Бітіру кешіне қаржы жинайтын кез келгенде, бойжеткен қажетті соманы мектепке алып барыпты. Алайда ата-аналар комитеті оқушыдан ақша алғысы келмеген. Алайда ару ақшаны берген кезде, сыныптасының анасы купюралар мен тиындарды қыздың бетіне лақтырыпты.

Бұған дейін киевтік сот украиналық православ шіркеуінің атын өзгертуді заңсыз деп тапқан.

Украина Петр Порошенко кезінде қол қойылған заңға сәйкес УПШ діни мекемелері орталық мекемелерінің Ресейде орналасқанын мойындауы тиіс еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1798979-bojzetken-stangan-dini-sin-mektep-bitiru-kesinen-settetildi/

pixel