RU
Алматыда тілшіге жасалған шабуыл: Полиция тергеуді бастады

Алматыда тілшіге жасалған шабуыл: Полиция тергеуді бастады

Рассказать Вконтакте

Алматы полициясы тәртіп сақшыларының журналист Шоқан Алқабаевқа шабуылдауы фактісі бойынша тергеу жүргізуде. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Алматыда журналистке шабуылдады: Полиция тергеу жүргізуде

Фото: Петр Карандашов/NUR.KZ

Ведомство өздерінен жауапкершілікті алмайтынын және тергеу әділ жүргізілетінін айтып өтті.

Дегенмен құқық қорғаушылар журналистің айқындаушы кеудешесі немесе журналист екенін айқындайтын басқа белгілері болмағанын баса айтты. Осы әрекетімен журналист жаппай тәртіпсіздік кезіндегі БАҚ өкілдерінің қауіпсіздік ережелерін сақтамаған.

Департамент өкілдері рұқсат етілмеген ереуілге шығушылар арасында арандатушылар көп екенін, олардың заңсыз әрекеттері бейбіт тұрғындардың өміріне қауіп төндіретінін жеткізді.

"Сондықтан ішкі істер органдарының тәртіпсіздіктерді тоқтату барысындағы бірінші міндеті қылмыстық әрекеттер жасауға ниеттенген адамдарды бейтараптандырып, бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету", - деп қорытындылады полиция департаментіндегілер.

Еске сала кетейік, Алматыда маусымның 10-нан 11-не қараған түні адамдар рұқсат етілмеген ереуілге шықты.

Полицейлер ереуілге шыққандарды тұтқындады. Тұтқындауларды түсіріп жатқанда полицейлердің әрекеттерінен қазақстандық жаңалықтар басылымының журналисті зардап шекті.

Сіздің реакцияңыз
7
2
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel