RU
Отандық топтың әншісі әйелдерге қол көтеретін ер адамдарға қатысты ойын ашық айтты

Отандық топтың әншісі әйелдерге қол көтеретін ер адамдарға қатысты ойын ашық айтты

Рассказать Вконтакте

Танымал "Джейран" тобының қыздары NURTV.KZ-тің "Клип Show" бағдарламасында "Жылайсың әлі" бейнебаянында қоғамдағы маңызды мәселені көтергенін ашып айтты. Әйел адамға қол көтеретін азаматтардың әрекетін теріс деп тапқан арулар, оларға түсіністікпен де қарауға шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бойжеткендер бейнебаяны арқылы нәзік жандыларға қол көтеріп, зорлық-зомбылық әрекеттерін көрсетуге болмайтынын жеткізгісі келген.

"Өзінің әйеліне, қызына қол көтеретін ер адамдар өте көп десем, қателеспейтін шығармын. Әлеуметтік тақырыпты қозғап, осындай бейнебаян түсірдік
Дегенмен сонда да бұл жерде (бейнебаянда) біздің осы ер азаматтарды жақсы көретініміз көрінеді. Бізді қанша жараласа да, біз оларды сүйеміз. Осы бейнебаянмен әйел адамға қол көтеруге болмайтынын ашып айтқымыз келді", - деді қыздар.

Сондай-ақ, жүргізушінің сұрақтарына жауап берген арулар ондай ер азаматтарға түсіністікпен қарау керек екенін жасырмады.

"Әйел адамға да бұл ұнауы мүмкін. Біз бұндай адамдарды кінәлай алмаймыз. Бұл психологиялық жарақат болуы мүмкін. Ол кішкентай болған кезінде әкесінің анасын ұрғанын көрген болар. Ода сол нәрсе қалып қойған. Ол үшін әйел адамға қол көтеру - қалыпты жағдай. Адамды өзгерту мүмін емес. Ол өзі өзгеруді қалауы керек. Ондай адамдарға түсіністікпен қарау керек", - деді Алтынай Жолдыбаева.

Сіздің реакцияңыз
2
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel