Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өткір сөздерімен елді өзіне қаратқан Ринат Зайытов туралы не білеміз?

Опубликовано:

Белгілі ақын, қазақ тіліндегі көптеген әндердің авторы Ринат Зайытов 1983 жылы 17 қарашада өмірге келді. Айтыскер Шығыс Қазақстан облысының тумасы. Ол мамандығы бойынша актер, сондай-ақ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып табылады. Ақын қоғамдағы маңызды мәселелерді көтеріп, ел алдына жиі шығып тұрады. Зайытовқа қатысты тағы да басқа мәліметтерді KAZ.NUR.KZ оқырман назарына ұсынады.

Танымал ақын Ринат Зайытов Аягөз қаласында дүниеге келген. Ол 13 жасқа дейін мұғалімдер отбасында өмір сүрді.

Содан кейін ата-анасы ажырасып, Ринат анасының қолында қалған. Оның әкесі қазіргі уақытта мектеп директоры болып қызмет атқарады.

Ринат Зайытов екі мамандықты игері. Ол Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық колледжді "Драмалық театр актері" бойынша тәмәмдаса, кейінірек Семей мемлекеттік педагогикалық институтында филолог мамандығы бойынша бітірген.

Айтыскер сол кездің өзінде-ақ өлең шығарумен, суырып салмалық қырымен таныла бастады.

Ринат Зайытов 2001 жылдан бастап аймақтық, облыстық, республикалық айтыстарға қатысып, көптеген жүлделерге қол жеткізді.

Ол өзінің тапқырлығымен, ойының ұшқырлығымен ел арасында таныла бастады.

Айтыс кезінде қоғамдағы маңызды мәселелерді көтеру арқылы, көпшіліктің көкейіндегі сауалды жолдап жүрді.

Ақын өзінің бірбеткейлігі арқасында әділ қазылар алқасына ұнамай, жүлделі орындардан бірнеше рет тыс қалды.

Ринат Зайытов айтыстан бөлек, рэп оқып та танылды. Оның Ақылбек Жеменей және Ғаділбек Жанаймен орындаған дуеті халық арасында кеңінен тыңдалды.

Ақынның қазақ шоу бизнесінде де орны ерекше. Ол танымал әртістердің басым бөлігінің әніне сөз жазды. 2014 жылы халықаралық “Turkvision” байқауында Жанар Дұғалова Ринат Зайытов сөзін жазған "Ізін көрем" әнімен бас жүлдені жеңіп алды.

Ақын Қайрат Нұртас, Ақылбек Жеменей, Ғаділбек Жанай, Бүркіт, Серікбол Сайлаубек, Айгерім Қалаубаева және тағы басқа әртістердің әніне сөз жазған.

Еске сала кетcек, Алматыда белгілі айтыскер Ринат Зайытов 10 маусым күні ұсталып, кешке жіберілді. Желіде оқиға орнында түсірілген видео тарады.

Осыған байланысты Алматы қаласының полиция департаменті айтыскер ақынның не себепті ұсталғанын түсіндірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1799009-tkir-szderimen-eldi-zine-karatkan-rinat-zajytov-turaly-ne-bilemiz/

pixel