RU
Нұр-Сұлтандағы атыс дыбысы: Қорғаныс министрлігі не болғанын түсіндірді
Жаңалықтар Қоғам

Нұр-Сұлтандағы атыс дыбысы: Қорғаныс министрлігі не болғанын түсіндірді

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желілерде атысқа ұқсас дыбыстар естілген видео тарап кетті. Анықталғандай бұл жағдай Нұр-Сұлтан қаласында болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Бейнеролик Instagram желісіндегі astana_brothers парақшасында жарияланған. Видео авторы атысқа ұқсас дыбыстар Қазақ Eлі монументі мен Бейбітшілік пен келісім сарайының маңынан естліп жатқанын хабарлады.

Қорғаныс министрлігі "ҚазАқпаратқа" оқиғаға қатысты пікір білдіріп, не болғанын түсіндірді. Анықталғандай, Бейбітшілік пен келісім сарайының маңында президентті ұлықтау рәсіміне дайындық жүріп жатыр.

"Президентті ұлықтау рәсіміне ауқымды дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Шара кезінде салтанатты шеру мен салюттар болмақ" , - деді министрлік өкілдері.

Еске сала кетейік, күні кеше Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың алдын ала нәтижелерін жариялаған болатын. Оның нәтижесінде, Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеңіске жеткені белгілі болды.

Жаңа президентті ұлықтау рәсімі 12 маусым күні өтпек.

Сіздің реакцияңыз
15
0
2
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel