RU
Алматыдағы ереуіл кезінде 24 жастағы жүргізуші полицейді қағып кетті

Алматыдағы ереуіл кезінде 24 жастағы жүргізуші полицейді қағып кетті

Рассказать Вконтакте

Алматыда өткен рұқсат етілмеген ереуіл кезінде наразылық білдірушілердің бірі полиция қызметкерін қағып кетті. Ереуілшілер шұғыл әрекет ету тобының қызметтік көлігіне тас лақтырды деп хабарлайды қалалық ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алматыдағы ереуіл кезінде 24 жастағы жүргізуші полиция қызметкерін қағып кетті

Фото: Петр Карандашов/NUZ.KZ

Өткен түні рұқсат етілмеген ереуілге қатысқаны үшін 100-ден аса адам аудандық полиция бөлімшелеріне жеткізілді.

Полицияның сөзінше, адамдардың көпшілігі озбырлық әрекеттерге бейім.

Мысалы, 24 жастағы ер адам полиция қызметкерінің көлікті жолдан алып қою өтінішіне құлақ аспай, қызметкерді қағып кетті.

Қаскөй оқиға орнынан ізін суытып үлгерген.

"Бірақ кейін қызметкерлеріміз оны тауып, тұтқындады. Қылмыстық кодекстің 345 бабы бойынша тергеу жүргізілді. Зардап шеккен полицей асықты жіліктің жабық сынығын алды. Ол ауруханаға жеткізілді.
Тағы бір топ шұғыл әрекет ету тобының қызметтік көлігін таспен атқан. Абырой болғанда ешкім жапа шеккен жоқ. Шабуылдаушылардың үстінен қылмыстық кодекстің 293 бабы бойынша тергеу жүргізілуде", - деді Салтанат Әзірбек.
Сіздің реакцияңыз
2
1
1
3
1
17
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel