RU
Криштиану Роналду плакат жазып алған бала үшін автобусты тоқтатты (видео)
Жаңалықтар Калейдоскоп

Криштиану Роналду плакат жазып алған бала үшін автобусты тоқтатты (видео)

Рассказать Вконтакте

9 маусым күні Португалия Ұлттар лигасының финалында Голландияны қабылдады. "Драгау" стадионында өткен матчта португалиялықтар Нидерланды құрамасын 1:0 есебімен жеңіп кетті. Ал осы кездесуге дайындық барысында әйгілі футболшы Криштиану Роналдудың әрекеті жұртты қайран қалдырды. Ол жолда плакат жазып алған бала үшін құраманың автобусын тоқтатқан деп хабарлайды sports.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: sports.ru

Фото: sports.ru

Жексенбі күні өткен жаттығудан кейін футболшылар автобуспен қонақ үйге жол тартқан. Сол уақытта Криштиану Роналду терезеден "Cristiano Ronaldo dame un abrazo" (Криштиану Роналду, мені құшақташы) деген жазуы бар плакат ұстаған баланы байқап қалған.

Осы уақытта спортшы жүргізушіден тоқтауды өтініп, Эдуардоны (баланың аты) өзіне шақырып алыпты. Осылайша, ол салонға кірген жанкүйерімен суретке түскен.

11 жастағы бала лейкемиямен күресуде.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
1
50
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel