Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еркін Нұржанов тоқал аларда әйелінен рұқсат сұрамайтынын жасырмады

Опубликовано:

Еркін Нұржанов соңғы уақытта қоғамда қызу талқыланып жатқан мәселеге қатысты пікір білдірді. Әнші тоқал алуға қарсы емес екенін айтып қана қоймай, ол үшін әйелінен рұқсат сұрамайтынын да жеткізді деп жазады "Қарақатпен шай" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

"Жігіттер" квартетінің бұрынғы мүшесі тоқал алуға қарсы емес екенін айтты.

"Жетімін жылатпаған, жесірін мұңайтпаған қазақпыз. Өкінішке орай, жесірлеріміз де көп.

Алла разылығы үшін деп шынында сол жалғызбасты ананың бала-шағасына жаны ашып, жетім мен жесірді азайтайын деген оймен алса, оған Алла разы болсын дейтін едім.

Егер өзімнің де басыма келіп жатса, мен алар едім. Ал егер нәпсіге салынып, тағы бір 16 жасар біреу болса десең, ол енді болмай қалатын шығар" , - деді Еркін Нұржанов.

Оған қоса, ол тоқал аларда әйелінен қалай рұқсат сұрайтынын да жеткізді.

"Ол кісінің бұл мәселеге пікірі 200 пайыз белгілі ғой. Сондықтан, оған тек ескерту дұрыс шығар деп ойлаймын. Енді құранда солай айтылады емес пе?" , - деді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1799081-erkin-nrzanov-tokal-alarda-jelinen-rksat-sramajtynyn-zasyrmady/

pixel