Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Түнімен ұйықтамадық": Куәгерлер Алматыда өткен митинг туралы айтып берді

Опубликовано:

Күні кеше оңтүстік астанада санкцияланбаған митингтер өтіп, нәтижесінде жүз шақты адам аудандық полиция басқармаларына жеткізілді. Оқиға салдарынан құқық қорғау органдарының қызметкерлері де зардап шеккені белгілі болды. Шеруге қатысушылар Төле би көшесінің бойымен жүріп, көлік қозғалысына кедергі келтіріп, барынша заңды бұзды. Алайда, ашуға булыққан халық сол ауданда тұратын қарапайым азаматтардың жағдайын ойлаған жоқ. Митингке куә болған тұрғындар айқайға салып келе жатқан көпшіліктен шошып кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Карлыған Рәзімбаева, Анна Стулина (Фото: NUR.KZ), Митинг видеоларынан кадр: Алматы ПД
Карлыған Рәзімбаева, Анна Стулина (Фото: NUR.KZ), Митинг видеоларынан кадр: Алматы ПД: UGC

Алматылық полиция департаментінің баспасөз қызметі кеше кешкі және түнгі уақытта 102 пультіне 1250 хабарлама түскенін жеткізді.

Қоңырау шалған азаматтардың басым көпшілігі ашуға булыққан халықты тоқтатып, көшеде тәртіп орнатуды талап еткен. Себебі, оқиғадан сол маңда тұратын адамдар жапа шегіпті.

KAZ.NUR.KZ журналистері орын алған шерудің куәгері болған Әуезов ауданының тұрғыны Анна Стулинамен тілдесіп қайтты.

Келіншектің сөзінше, ол қызымен кешкі сағат 18: 00 шамасында серуенге шыққан.

"Төле би мен Момышұлы көшелірінің қиылысында тұрамыз. Қызыммен серуендеп қайтуға шыққанбыз. Сол сәтте бәрі басталды.
Біздің алдымыздан ашуға булыққан халық айқайға салып келе жатты. Олар ысқырып, бейәдеп сөздерді айтып келе жатты. Көлік жүргізушілері сигнал беріп, жолдағы қозғалысқа барынша кедергі келтірді.
Өте қорқынышты болды. Мұндай жасаудың не қажеті бар? Біз полиция шақырдық. Экипаж келіп, бізді сабырға шақырды. Бәрі аяқ асты әрі өте қорқынышты болды. Негізінде, біздің аудан өте тыныш" , - деді Анна.

Әуезов ауданының тағы бір тұрғыны өз көзімен көрген оқиғадан қандай әсер алғанын айтып берді.

Оның сөзінше, шерушілер өз әрекетімен қарапайым халыққа уақыт өткізуге кедергі келтірген.

"Маған түні бойы кедергі келтірді. Ешкім ұйықтай алмады. Далада айқай-шу, шеру жасаған. Біздің балалар үйде түнімен жылады" , - деді Қарлыған Рәзімбаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1799083-tnimen-jyktamadyk-kugerler-almatyda-tken-miting-turaly-ajtyp-berdi/

pixel