RU
БАҚ: Алматы әуежайында ірі компания топ-менеджері мас күйінде шу шығарған
Жаңалықтар Қоғам

БАҚ: Алматы әуежайында ірі компания топ-менеджері мас күйінде шу шығарған

Рассказать Вконтакте

"Қазмедтех" квазимемлекеттік компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Айнұр Дандыбаева Алматы әуежайында шу шығарды. Оның сот алдында неге жауап бергенін "Время" газеті жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Қазмедтех" АҚ Денсаулық сақтау министрлігіне жатады.

Оқиға сәуір айының басында орын алды.

Сол уақытта топ-менеджер "Эйр Астана" ұшағымен Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшуға керек болған.

Бірақ әуекомпания қызметкерлері жолаушы мас болғандықтан, оны тіркеуден бас тартып, тәртіп сақшыларын шақырыпты.

Дандыбаева оқиға орнына келген полиция қызметкерлерін балағаттап, тіпті бір-екі рет соғып жібереді.

Медициналық сертификаттау қандағы алкогольдің болуын растаған.

Сотта әйел өз кінәсін мойындап, полициядан кешірім сұрады. Нәтижесінде оған 500 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Ескерту! Видеода лексикалық нормаға сәйкес келмейтін сөздер бар.

Бұл ақпаратты көшіру және пайдалану "Издательство Время" ЖШС рұқсатымен ғана мүмкін болады.

Сіздің реакцияңыз
9
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel