RU
Америкалық әйел сүйіктісі үшін Петропавлға көшіп келмек

Америкалық әйел сүйіктісі үшін Петропавлға көшіп келмек

Рассказать Вконтакте

Америкалық Кристен Дениелсон өзінің алдағы өмірін Петропавл тұрғынымен жалғастыруда ойластыруда. 52 жастағы АҚШ азаматшасы көші-қон басқармасына Қазақстанда тұрақты тұру мақсатымен құжаттарын тапсырмақ ниетте деп хабарлайды СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Кристен Дениелсон Петропавл тұрғынымен 2016 жылы танысқан.

Содан бері әйел адам болашағын Қазақстанмен байланыстырады.

Әзірге ол елімізде бір ай тұруға рұқсат алды.

Ал 89 жастағы Вера Бурлакова отанына оралуды ұйғарған. Зейнеткер 2004 жылы АҚШ-та тұратын қызына көшіп барған. Арада 15 жылға жуық уақыт өткеннен кейін СҚО тумасы Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алу үшін құжаттар тапсырыпты. 

"Мен осында туып, өстім. Фабрикада, автобус паркінде жұмыс істедім. Күйеуім екеуіміз 6 баланы өсіріп, жеткіздік. 75 жасымда шетелге қоныс аудардым. Осы жылдар бойы отаныма қайтып оралғым келді. Қайтып оралғаным үшін қуаныштымын. Мұнда менің туыстарым, немерелерім бар", - деді Вера Бурлакова.

Ведомствоның мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 151 адам тұрақты тұру мақсатында құжаттар тапсырып, рәсімдеген.

Полиция департаменті олардың сегізі шетелден келгенін атап өтті.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
3
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel