RU
Петропавлда кішкентай бала бес қабатты үйден құлап, ажал құшты
Жаңалықтар Қоғам

Петропавлда кішкентай бала бес қабатты үйден құлап, ажал құшты

Рассказать Вконтакте

Петропавлда 2017 жылғы бала бес қабатты үй терезесінен құлап, қаза тапты. Бұл туралы ІІМ-ге қарасты Төтенше жағдайлар комитеті мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: pinterest.com

Фото: pinterest.com

Бүлдіршін бесінші қабаттағы пәтер терезесінен құлап кеткен. Анықталғандай, ол үйде жалғыз болған.

Оқиға орнына келіп жеткен дәрігерлер оның жанын аман алып қала алмаған. Олардың баланың өлімін белгілеуден басқа амалы болмады.

Төтенше жағдайлар комитеті ата-аналарға қауіпсіздік шараларын ұстанып, балаларды жалғыз қалдырмауды еске салды.

Оған қоса, терезелерге бүлдіршіндер оны аша алмайтындай блокираторлар орнату кеңесі берілді.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel