Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте кеш батқанда көшеде тұрған аялдама өртеніп кетті (фото)

Опубликовано:

Шымкент қаласында 10 маусым күні сағат түнгі он жарым шамасында Темірлан тас жолы бойында орналасқан аялдаманың шатырынан өрт шықты деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі. 

Шымкентте аялдама өртеніп кетті
Оқиға орнынан фото: Шымкент қалалық ТЖД баспасөз қызметі: Twitter
"2019 жылғы 10 маусымда сағат 22.32-де шұғыл кезекшілердің басқару пультіне Темірлан тас жолы бойында өрт туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнында анықталғаны​ «Тойота Орталығы» автосалонға қарама-қарсы тұрған аялдамада көлемі 2 шаршы метр пластик шатыры жанған.

Сондай-ақ, көлемі 5 шаршы метр темір будканың ішінде оттың салдарынан 3 тоңазытқаш, темір есік, 1 ағаш үстел жарамсыз болған.​ Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлайды Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 

Тілсіз жау​ сағат 22.42-де оқшауланып, сағат 22.56-да толық сөндірілген.

Қызыл жалынды ауыздықтауға өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 14 адам, 3 техника, медицина апаттар орталығы мен полиция департаментінің қызметкерлері жұмылдырылған. 

Шымкентте аялдама өртеніп кетті
Оқиға орнынан фото: Шымкент қалалық ТЖД баспасөз қызметі: Twitter

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1799113-symkentte-kes-batkanda-ksede-trgan-aaldama-rtenip-ketti-foto/

pixel