RU
Ақтауда әйел адам атпен келе жатқан екі баланы қағып кетті
Жаңалықтар Қоғам

Ақтауда әйел адам атпен келе жатқан екі баланы қағып кетті

Рассказать Вконтакте

Ақтауда көлік тізгініндегі әйел адам атпен келе жатқан екі баланы қағып кетті. Оқиға көшедегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Жол апатының видеосы әлеуметтік желілерде тарап кеткен деп хабарлайды naktau.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: fermok.ru

Көрнекі сурет: fermok.ru

Жол апаты жетінші маусым күні бірінші шағын ауданның шығаберісінде орын алған.

Куәгерлердің сөзінше, әйел адам қозғалыс кезінде ұялы телефонға қарап отырған. Олар жүргізушінің жолды өтіп бара жатқан үш жылқыны байқамай қалғанын болжады. Екі аттың үстінде екі бала болған.

Оқиға орнына келіп жеткен жедел жәрдем қызметі зардап шеккен бүлдіршіндерді ауруханаға алып кетті. Олар балақайларды тексермек.

Жануарлардың иелері жылқылар шошып кеткен соң, өз жұмыс орны "Ақбота" саябағына шауып кеткенін жеткізді. Аттар да жарақат алған.

Оқиғаға қатысты іс қозғалып, материалдар сотқа берілмек.

Сіздің реакцияңыз
2
0
2
2
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel