Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақстаннан кетіп қалған": Алматыда 19 жастағы студент қыз жоғалып кетті

Опубликовано:

Алматыда төрт күн бойы Нұр Аль Накауа есімді аруды іздестіріп жатыр. Университте оқитын 19 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram / volontery_almaty_lider.kz
Фото: Instagram / volontery_almaty_lider.kz: Depositphotos

Алматылық арудың жоғалып кетькені туралы ақпарат Instagram желісіндегі @_volontery_almaty_lider.kz парақшасында жарияланған.

Әлеуметтік желідегі жазбаға сәйкес, бойжеткен жетінші маусым күні жоғалып кеткен. Ерекше белгілері ретінде арқасындағы күлгін түсті айдаһардың татуы келтірілген.

Нұр Аль Накауа қоңыр көзді, шашының түсі қаралау келген. Жоғалып кеткен күні оның үстінде жасыл футболка мен қара шалбар болған. Бойжеткен өзімен құжаты мен ұялы телефоны алып кеткен.

Tengrinews.kz агенттігіне пікір білдірген Алматы ПД арудың Қазақстаннан кетіп қалғанын хабарлады.

Тәртіп сақшылары бойжеткеннің Қырғызстан шекарасын асып кеткенін жеткізді. Сол себепті, оның Қазақстан аумағындағы тексеру жұмыстары тоқтатылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1799120-kazakstannan-ketip-kalgan-almatyda-19-zastagy-student-kyz-zogalyp-ketti/

pixel