RU

Еліміздің бас банкирі теңгенің неге әлсіреп кеткенін түсіндірді

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев теңге бағамына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

Еліміздің бас банкирі теңгенің неге әлсіреп кеткенін түсіндірді
Ерболат Досаев. Фото: sputniknews.kz: UGC

Бас банкир алдымен мұнай бағасына әсер етіп отырған негізгі факторларды атады.

Оның айтуынша, соңғы уақытта ішкі валюта нарығы мұнайдың әлемдік бағасының ықпалымен дамуда.

27 мамыр мен 5 маусым аралығында мұнай бағасы 13 процентке төмендеген. Алайда өткен аптаның соңында бір баррель мұнайдың бағасы 63,3 доллар болған.  

"Бүгін таңертеңгі баға 62,3 долларға түсті. Бұл АҚШ-тың Мексикамен заңсыз миграцияға бақылауды күшейту туралы келісімге қол жеткізуімен байланысты. Сонымен бірге, оған 2019 жылы екінші жартыжылдыққа ОПЕК+ келісімін ұзарту мүмкіндігіне қатысты мәлімдемелер оң әсер етеді. Нәтижесінде 27 мамыр мен 5 маусым аралығында теңге 1,3 процентке әлсіреді", - деді Досаев үкіметтің бүгінгі отырысында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1799125-elimizdi-bas-bankiri-tegeni-nege-lsirep-ketkenin-tsindirdi.html