RU
БҚО-да өзенде жүзіп жүрген "қолтырауын" тұрғындардың үрейін ұшырды (видео)

БҚО-да өзенде жүзіп жүрген "қолтырауын" тұрғындардың үрейін ұшырды (видео)

Рассказать Вконтакте

Бірнеше күннен бері WhatsApp мессенджері арқылы Орал өзенінде "қолтырауынның" жүзіп жүргені жайлы видео таралуда деп хабарлайды "Мой ГОРОД" порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Кадр видеодан

Кадр видеодан

Басылымның жазуынша, желіде таралған видеоны тұрғындар бірін-біріне белсенді түрде таратуда. Кадрда Янайкино ауылындағы Орал өзенінде "қолтырауын" табылғаны және орман мен өзенге бармау жайлы өтініш айтылады.

"Балыққа бардым. Күн, рақат өмір, ал мұнда мынандай жын-шайтан. Жақсы күндер өтті, қолтырауындар пайда болды. Енді бізде шомылуға да болмайды", - дейді кадр сыртындағы ер адам.

Осыдан кейін солар арадағылардың бірі қолтырауынға тас лақтырып, бауырымен жорғалаушы жөнімен кетеді.

Алайда видеоны көрген кей облыс тұрғындары алаңдап қалған.

"Ол жаққа қалай келуі мүмкін? Ол сондай үлкен, осыдан кейін біз қорқып қалдық. Қазір ыстық бірақ біз өзенге бармаймыз", - дейді қала тұрғыны Ақсәуле.

Алайда БҚО ТЖД алаңдауға еш негіз жоқ екенін, видео Ресейдің Приморский өлкесінде түсірілгенін хабарлады.

"Біздің облысқа видеоның еш қатысы жоқ. Рептилияның Орал өзенінде жүзіп жүргені шындыққа жанаспайды", - деп хабардар етті құтқарушылар.

Сіздің реакцияңыз
0
11
0
2
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel