RU
Қарағандыда сауда үйіндегі әткеншектен құлаған қыз ауруханада есепте тұрған
Жаңалықтар Қоғам

Қарағандыда сауда үйіндегі әткеншектен құлаған қыз ауруханада есепте тұрған

Рассказать Вконтакте

Қарағандыда "Таир" сауда үйіндегі балалар алаңында орын алған қайғылы жағдай туралы жаңа деректер шықты. Әткеншектен құлап, қаза тапқан жеті жасар қыз аса ауыр әрі созылмалы дерт салдарынан ауруханда есепте тұрған болып шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, қайғылы жағдайда қаза тапқан бүлдіршін диспансерлік есепте тұрған. Жеті жасар қыздың нақты қандай дертке шалдыққанын дәрігерлер айтудан бас тартты. Олар мұны дәрігерлік құпия болғандықтан жария ете алмайтындарын жеткізді.

Дәрігерлер оқиға орнында қоңырау түскен соң, 11 минутта болған.

"Жедел жәрдем дәрігерлер қажетті реанимациялық шаралар кешенін жасады. Өкінішіке орай, баланы құтқара алмадық" , - деді медицина қызметкерлері.

Айта кетейік, Қарағандыда сауда үйінің территориясында 7 жасар бала мерт болғанын хабарлаған болатынбыз.

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
3
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel