RU
Головкин Forbes бойынша ең қымбат спортшылар қатарына кірді

Головкин Forbes бойынша ең қымбат спортшылар қатарына кірді

Рассказать Вконтакте

Бірнеше күн бұрын ғана Стив Роллсы нокаутқа жіберіп, жеңіске жеткен Геннадий Головкин Forbes рейтінгісіне кірді. Енді қазақстандық боксшы әлемдегі ең қымбат спортшылардың тізіміне енді деп хабарлайды Sports.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: m.sport.inform.kz

Фото: m.sport.inform.kz

Осы жылы 25,5 млн доллар табысқа кенелген Головкинді басылым өз тізімінің 95-ші орнына жайғастырған.

Бірінші орында - "Барселона" футбол клубының жұлдызы Лионель Месси. Аргентиналық аяқдопшы 2019 жылы 127 млн доллар табыс тапқан.

Одан кейін екінші орынды әйгілі Криштиану Роналду иеленді. Осы жылы ол байлығын 109 млн долларға өсірген.

Үздік үштікті "ПСЖ" ойыншысы Неймар жабады. Бразилиялық шабуылшы осы жалдық көрсеткіштеріне сәйкес, 105 млн доллар табысқа қол жеткізді.

Футболшылардан кейін, төртінші орынға отандасымыздың бұрынғы қарсыласы Сауль Альварес орналасқан. Ол 2019 жылы 94 млн доллар табысқа кенелді.

Стив Роллсты жеңгеннен кейін қазақстандық былғары қолғап шебері "Канеломен" реванш өткізуге дайын екенін хабарлаған болатын.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
0
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel