RU
Жауын, жел, бұршақ: Елімізде құбылмалы ауа райы сақталады
Жаңалықтар Қоғам

Жауын, жел, бұршақ: Елімізде құбылмалы ауа райы сақталады

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның басым бөлігінде найзағай мен жаңбырлы құбылмалы ауа райы сақталады. Тек еліміздің батысында жауын-шашын болмайды. Кей жерлерде найзағай, желдің күшеюі, дауыл күтіледі және бұршақ жаууы ықтимал деп хабарлайды Қазгидромет.

Жауын, жел, бұршақ: Елімізде құбылмалы ауа райы сақталады

Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматы, Жамбыл облыстарында дауыл, желдің 15-23 м/с күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай, желдің 15-20 м/с күшеюі, күндіз кей жерлерінде дауыл тұрып, бұршақ жауады.

Шығыс Қазақстан облысында, күндіз Түркістан, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей бөліктерінде желдің 15-20 м/с күшеюі, түнде және таңертең Қарағанды облысында тұман күтіледі.

Түнде Павлодар облысының біршама аймағында тұман болады. Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды Түркістан облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.    

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel