Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төрт жасында ел алдына шыққан әлемдегі ең сұлу қыз қалай бойжетті?

Опубликовано:

Тилан Блондо есімді француз қызы төрт жасынан бастап әлемдік брендтерді жарнамалаған. Ол алты жасында танымал Vogue журналының мұқабасына шықты. Алты жасар Тилан әлемдегі ең сұлу қыз болып танылды деп хабарлайды woman.rambler.ru сайтына сілтеме жасған KAZ.NUR.KZ.

Қыз футболшы Патрик Блондо мен тележүргізуші Вероника Оюбридің отбасында дүниеге келді.

Қазіргі таңда анасы дизайнерлік салаға бет бұрып, болашақ аналарға арналған киім тігеді.

2011 жылы Тиланның басы үлкен дауға қалған. Танымал Vogue журналы 10 жасар қызды бояп, биік өкшелі киім кидіріп, үлкен әйел адамның бейнесінде шығарған.

Аталған жанжал кішкентай қызға одан бетер танымалдылық әкеліп, оны күллі әлем тани бастады.

Бірнеше жылдың ішінде Блондо lacoste, HugoBoss, Ralph Lauren, Chanel секілді танымал брендтермен жұмыс істеп үлгерді.

2014 жылы қызға "Бель мен Себастьян" фильміне түсуге шақырту келді. Ал 2015 жылы аталған фильм экранға шықты.

Сәнқойдың бойы 168 см, салмағы 58 келі.

Қазір Тиланның жасы 17-де. Оны әлемдегі табысы жоғары сәнқойлардың қатарына жатқызуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1799180-trt-zasynda-el-aldyna-sykkan-lemdegi-e-slu-kyz-kalaj-bojzetti/

pixel