Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рада депутаты: Зеленский сайлау алдында берген уәделерін орындамады

Опубликовано:

Украина президенті Владимир Зеленский бірде-бір сайлауалды уәдесін орындамады деп есептейді Жоғарғы Раданың "Оппозициялық платформа - Өмір үшін" партиясының депутаты Вадим Рабинович деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: newsbestinfo.com
Фото: newsbestinfo.com: UGC

Бұдан бұрын ұлықтау рәсімінде Зеленский Украина халқына Донбастағы қақтығыстарды реттеруге уәде берген. Сондай-ақ, салтанатты сөз сөйлеу кезінде ол мемлекет экономикасын көтеретінін атап өткен.

"Зеленскийдің, шынымен де, қолдауы мықты Өкінішті, бірақ менің міндетім - шындықты айту. Оппозициялық саясаткер басқаша бола алмайды.

Ал шындық мынада: ешбір сайлау алды уәде орындалған жоқ. Ол барда бейбітшілік болмайды. Экономика жұмыс істемейді... Оның қалай айтқанын білесіз бе?

"Бізде бейбіт процесті жаңартуға арналған бірнеше креативті идеялар бар". Креативті идеялар басқа жерде орынды.
Зеленский мен өзім үшін мың рет кешірім сұраймын, бірақ, мен жай ғана Зеленскийді сынамай, біздің тағы да қателескенімізді айтуға мәжбүрмін", - деп мәлімдеді сейсенбі күні Рабинович "112 Украина" телеарнасының эфирінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1799185-rada-deputaty-zelenskij-sajlau-aldynda-bergen-udelerin-oryndamady/

pixel