RU
Президентті ұлықтау рәсімі қалай өтті

Президентті ұлықтау рәсімі қалай өтті

Рассказать Вконтакте

Бүгін, 12 маусым күні Нұр-Сұлтанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан президенті атануына орай салтанатты ұлықтау рәсімі өтеді. KAZ.NUR.KZ Тәуелсіздік сарайынан онлайн-хабар таратады. Қосылыңыздар, бұл ерекше рәсім болмақ. Шара аясында оркестр ойнап, салют ату жоспарлануда.

Президентті ұлықтау рәсімі

Фото: Ақорда

Мобильді қосымша қолданушылары таратылымды мына сілтеме арқылы бақылай алады >>

Ұлықтау рәсімінің ең қызықты сәттерін бірінші болып көру үшін, парақты жаңартуды ұмытпаңыздар.

Президенттің ұлықтау рәсімі аяқталды

12 маусым күні 11.40 Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президенті міндетіне ресми түрде кірісті.

Бұл күн Қазақстан тарихында алтын әріптермен жазылатын ерекше күн. Еліміз жаңа кезеңге қадам басты.

Қазақ елі алаңында әскерилердің салтанатты шеруі басталды

Мемлекетіміздің Жоғарғы Бас қолбасшысы ретінде Тоқаевқа қорғаныс министрі есеп берді. Қазақстанның қорғаныс күштері салтанатты түрде президент алдында жүріп өтті.

Шеру соңында Қорғаныс министрінің оркестрі ойнауда.

Президенттің сөзі

Нұр-Сұлтанда президентті ұлықтау рәсімі өтуде

Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

"Құрметті Елбасы, отандастар, ең алдымен Қазақстан халқына маған білдірген сенімі мен қолдауы үшін алғыс айтқым келеді. Бұл сайлау демократиялық талаптарға сай өтті.
"Бүгін әлем жаһанданып жатыр. Бәрі өзгеріп, адамдардың сана сезімі өзгерді, әсіресе жастар өзгерді. Мен жаңа кезеңнің келгенін түсіндім. Қандай елдер дамып, қайсысы керісінше артта қалатын анықтайтын кезеңге келдік. Біз әлемге ашықпыз, озық технологияларға ұмтыламыз.
"Халықты ең алдымен не мазалайды? Азаматтар барлық жерде әділдік болуын қалайды. Халыққа әділ етуін талап етеді, қарыз көлемінің азаюы, теңге девальвациясы, халықтың табысына кері әсер етті. Миллионнан астам азамат банктен несие алуға мәжбүр болды. Осының бәрі халықты мазалайтын сауалдар. Мұндай құбылыстар бүкіл әлемде бар. Сондықтан біз әлеуметтік экономикалық мәселені шешуге жұмыс істейтін боламыз", - деді жаңа сайланған президент.

Тоқаев президент куәлігін алды

Нұр-Сұлтанда президентті ұлықтау рәсімі өтуде

Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Халық қошеметімен Тоқаевқа президент куәлігі табысталды. Осы сәттен бастап ол ресми түрде мемлекет басшысы болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты түрде ант берді

Нұр-Сұлтанда президентті ұлықтау рәсімі өтуде

Фото: NUR.KZ

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Конституцияның 42-бабының бірінші тармағын сөзбе-сөз оқып шығып, Қазақстан халқы алдында салтанатты түрде ант берді.

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн»,-деді ол.

Тоқаев Қазақстан туын сүйіп, әнұран ойнай бастады. Қазақ елі алаңында зеңбіректен оқ атылды. Ақордада мемлекеттік ту көтерілді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті келді

Қазақстан әнұраны ойнап, Елбасы залға кірді. Әнұранның сөзін Тұңғыш президент жазғанын айта кету керек.

Ұлықтау рәсімі басталды

Нұр-Сұлтанда президентті ұлықтау рәсімі өтуде

Адамдар өз орындарына жайғасты. Залға мемлекеттік ту, конституция және президент штандарты әкелінді.

Тәуелсіздік алғалы Қазақстанда президент сайлауы 6 рет өтті.

Нұр-Сұлтанда президентті ұлықтау рәсімі өтуде

Фото: NUR.KZ

Алғашқы ұлықтау рәсімі 1991 жылы 10 желтоқсанда Алматы қаласында өтті.

Одан кейінгі ұлықтау рәсімдерінің барлығы Нұр-Сұлтан қаласында өткізілді.

Нұр-Сұлтанда президентті ұлықтау рәсімі өтуде

Фото: NUR.KZ

Оркестр мен хор өз кезегін күтуде

Нұр-Сұлтанда президентті ұлықтау рәсімі өтуде

Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Нұр-Сұлтанда президентті ұлықтау рәсімі өтуде

Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Нұр-Сұлтанда президентті ұлықтау рәсімі өтуде

Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Залда көп адам жиналды

Нұр-Сұлтанда президентті ұлықтау рәсімі өтуде

Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Салтанатты рәсімге жиналған жұрт көп. Қонақтардың арасында танымал қазақстандық жазушы Олжас Сүлейменов та бар.

Нұр-Сұлтанда президентті ұлықтау рәсімі өтуде

Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Дайындық

Президентті ұлықтау рәсімі

Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Маңызды оқиғаларға қатысу үшін журналистер алдын ала келеді. Әдетте 1-2 сағат бұрын.

KAZ.NUR.KZ тілшілері қазір Тәуелсіздік сарайында. Олар салтанатты рәсімге дайындық қалай жүріп жатқанын бақылауда.

Сіздің реакцияңыз
16
1
0
0
2
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel