RU
Бас прокуратура: Заңсыз акциялар мен митингтер тоқтатыла береді
Жаңалықтар Қоғам

Бас прокуратура: Заңсыз акциялар мен митингтер тоқтатыла береді

Рассказать Вконтакте

Бас прокуратура қазақстандықтарға заңсыз митингтерге қатысу жауапкершілігін тағы да еске салды. Оған қоса, құзырлы орган полиция қызметкерлері мұндай құқықбұзушылықтарды ауыздықтауды жалғастыра беретінін мәлімдеді. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: 24.kz

Фото: 24.kz

Баспасөз хабарламасында Бас прокуратураның мемлекетте заңсыз акциялар жүргізуге болмайтынын бірнеше мәрте ескерткені жазылды.

Алайда, белгілі бір тұлғалар заң тәртібіне бағынбай, митингке шығуға өзгелерді итермелеп, полиция қызметкерлеріне шабуылдай бастаған.

Олар көшеде өтіп бара жатқан әйелдер мен балалардың және өзге де адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді.

Соған байланысты, құқық қорғау органдары қоғамдық тыныштық пен азаматтардың қорғанысын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды қолданды. Алайда, оның барысында арнайы құралдар қолданылған жоқ.

Құқық бұзушылар жедел түрде полицияға жеткізіліп, сот тәртібі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Айта кетейік, тыйым салынған ұйымдардың нұсқауымен санкцияланбаған заңсыз митингтерге қатысу Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 488 бабы мен Қылмыстық кодекстің 400 және 405 баптары бойынша жауапкершілікке тартылуға әкеп соқпақ.

Құқық қорғау органдары мұндай митингтерді тоқтату шараларын ары қарай сол қалпынша, заң аясында іске асыратын болады.

Сіздің реакцияңыз
10
2
0
0
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel