Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жиіркенішті": Нұржан Керменбаев Жанар туралы бар шындығын жайып салды

Опубликовано:

Жанар Хамитова осыдан бірнеше апта бұрын КТК арнасындағы "Астарлы ақиқат" бағдарламасында танымал әнші, бұрынғы әріптесі Нұржан Керменбаев туралы біраз ақпаратпен бөлісіп, өз шындығын айтқан еді. Алайда Нұржанның бұған қатысты айтары бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Нұржан Керменбаев, Жанар Хамитова Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Нұржан Керменбаев, Жанар Хамитова Коллаж: KAZ.NUR.KZ: UGC

Танымал әнші Гәкку арнасына берген сұқбаты кезінде Жанар Хамитованың сөздерін жоққа шығарды.

Керменбаев өзін қомақты қаржыны жымқырып, "лақтырып кетті" деген Жанарға қатысты пікір білдірді.

"Әрине өтірік, Алла сақтасын. Мен ол кісіден ешқашан ақша алған емеспін. Естуім бойынша, 60 мың доллар алды деген бір жалған ақпарат беріпті", - деді ол.

Сондай-ақ, Нұржан осы уақытқа дейін неліктен жақ ашпай келгенін де түсіндіріп өтті.

"Ақталудың жөнін көріп тұрған жоқпын. Ақиқат айдан анық болып көрініп тұрады ғой. Менің қазір отбасым бар, екі ұлым, келіншегім бар. Отбасымның берекесін ойлап жүрген адаммын. Сол себепті берекем қашпаса екен деген ниеттемін", - деді жұлдыз.

Нұржан Керменбаевтың ойынша, Жанар Хамитова жала жауып, өзіне хайп жасағысы келген екен.

"Оның не үшін олай айтып жүргенін білмеймін. Хайп іздеп жүрген болар. Мүмкін елдің алдында сөйтіп абыройын көтеремін деп ойлады ма екен.
Қазір елді алдай алмайсың. Ғаламтор бар. Ортақ араласатын адамдарымыз бар. Солардан сұраса болады", - деді Нұржан.

Сонымен қатар, әнші ата-анасына қатысты айтылған сөздерді жоққа шығарып, оның жақындарына тіл тигізбеуін өтінді.

"Ол тақырыпты қозғамай-ақ қойсын. Оның өзінің де, менің де ата-анам туралы сөз қозғағаны жайлы мен де біраз ақпарат ашып бере аламын. Сондықтан ер басыммен ол парақтарды ақтарғым келмейді.
Жанардың сөзіне қарап, маған ол туралы әңгіме айту жиіркенішті. Маған босқа жала жаппай-ақ қойсын. Ата-анама тіл тигізбесін. Өзінің ата-анасымен қарым-қатынасын түзеп алсын", - деп тура айтты Керменбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1799201-ziirkenisti-nrzan-kermenbaev-zanar-turaly-bar-syndygyn-zajyp-saldy/

pixel