Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда полицейге бағынбаған такси жүргізушісі тұтқындалды

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда полиция қызметкерлеріне бағынбаған такси жүргізушісі ұсталды. Тәртіп сақшылары оның көлігін айыппұл тұрағына тоғытты деп хабарлайды Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: pinterest.com
Фото: pinterest.com: UGC

Елордалық полиция департаментінің хабарлауынша, тоғызыншы маусым күні Бөгенбай батыр даңғылы бойынша қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету барысында көлік жүргізушісі үлкен жылдамдықпен жолдың жабық бөлігімен өтіп кеткен.

"Лада Гранта" көлігінің 28 жастағы жүргізушісі полицейдің талабына әрекет етпеген.

Азамат өз әрекетімен жаяу жүргіншілер мен жол-патрульдік полицияға қауіп төндірді. Жүргізушінің кім екені анықталып, оны тұтқындап айыппұл салды.

Анықталғандай, ер адам бұған дейін әкімшілік құқықбұзушылық үшін бірнеше мәрте жауапкершілікке тартылған.

Құқықбұзушының көлігі айыппұл тұрағына тоғытылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1799210-nr-sltanda-policejge-bagynbagan-taksi-zrgizusisi-ttkyndaldy/

pixel